Новости

🎬 🛒ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН “AZHAR CITY” ЖӘНЕ “АНВАР” САУДА ҮЙЛЕРІНЕН САТЫП А...

🛒ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН “AZHAR CITY” ЖӘНЕ “АНВАР” САУДА ҮЙЛЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

🚚Тұрақтандыру қорынан күнделікті таң ертең қаламыздағы 8 ірі сауда орталықтарына интервенция тауарлары таратылады.

🏪Бұдан бөлек, корпорация займ беру арқылы арнайы “Әлеуметтік бұрыш” арқылы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлар халыққа ең төменгі бағада ұсынылуда. Дәл осы тауарларды “AZHAR CITY” және “АНВАР” сауда үйлерінен сатып алуға болады. Сондай-ақ, тағы басқа қандай сауда үйлерінен бұл өнімдерді сатып алуға болатындығын білгіңіз келсе біздің обзор видеоны көріңіздер⬇️

📲Ақпараттар ұнап жатырса біздің парақшаларымызға тіркелуді ұмытпаңыздар

📌Facebook: Spk Baikonur
📌Instargam: @spk__baikonur
📌TikTok: @spkbaikonur
📌Telegram: https://t.me/spkbaikonur

Читать далее

🎬 ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Бүгін Қызылорда облысының энерге...

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және “Байқоңыр” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарға ыстық сумен жабдықтау жұмыстарының атқарылып жатырған жұмыстары баяндалып, оның тиімділігі жөнінде түсіндірілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен қаламыздағы 186 көпқабатты үйге ыстық су желілері толяғымен жүргізілді. Дайын болған үйлер кезең-кезеңімен қосылуда. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады жеп күтілуде.

©️«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Читать далее

🖼 📢ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ! 🛒Ертең, яғни 1 ақпан күні Құлагер (Әлеуметтік дүкеннің...

📢ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

🛒Ертең, яғни 1 ақпан күні Құлагер (Әлеуметтік дүкеннің жанында) және Сол жағалау (#16 үйдің жанында) «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді.

📦Ауа-райының салқын болуына байланысты жәрмеңке сағат 11:00-ден басталады. Онда өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта еліміде бағасы күрт өсіп кеткен картоп өнімі нарықтан ең арзан бағада 177 теңгеден сатылатын болады.

💰Ертеңгі жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік тауарларының бағасын төмендегі кестеден көре аласыздар⬇️

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Читать далее

🔧 SPK Baikonur pinned a photo

SPK Baikonur pinned a photo

Читать далее

🖼 ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ! Бүгінгі күнде Whats’Аpp және басқа да әле...

ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Бүгінгі күнде Whats’Аpp және басқа да әлеуметтік желілерде «Стадионның кірер берісінде 30 қаңтар күні жәрмеңке өтеді» деген хабарламалар таратылуда.

Жоғарыда аталған ақпараттағы жәрмеңкені «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысы жоқ екендігін хабарлайды. Корпорацияның ұйымдастыруымен өткізілетін әлеуметтік жәрмеңке әр аптаның сенбі күні және онда ұсынылатын тауарлар бағамы нарықтан төмен екені баршаңызға белгілі.

Осы ретте, әлеуметтік желіде таратылған бұл хабарламаға назар аудармауды және тек ресми ақпараттарға жүгінулеріңізді сұрайды.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастырылуымен әлеуметтік жәрмеңке осы аптаның сенбі күні өткізілетін болады. Өтетін орны мен уақытын қосымша ресми хабарлайтын боламыз.

©️«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Читать далее

🎬 🛒ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ҚАЙ САУДА ҮЙЛЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?! 🚚Тұ...

🛒ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ҚАЙ САУДА ҮЙЛЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?!

🚚Тұрақтандыру қорынан күнделікті таң ертең қаламыздағы 8 ірі сауда орталықтарына интервенция тауарлары таратылады.

🏪Бұдан бөлек, корпорация займ беру арқылы арнайы “Әлеуметтік бұрыш” арқылы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлар халыққа ең төменгі бағада ұсынылуда. Дәл осы тауарларды қайдан сатып алуға болатындығын білгіңіз келсе біздің обзор видеоны көріңіздер⬇️

📲Ақпараттар ұнап жатырса біздің парақшаларымызға тіркелуді ұмытпаңыздар

📌Facebook: Spk Baikonur
📌Instargam: @spk__baikonur
📌TikTok: @spkbaikonur
📌Telegram: https://t.me/spkbaikonur

Читать далее

🖼 ӨҢІРДЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ Ж...

ӨҢІРДЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жыл көлемінде «Amanatnesie.kz» порталы арқылы 1327,4 млн. теңгеге 199 жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасын табуда.

2025 жылға аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып, 815 жобаны іске асыру арқылы 886 жұмыс орындарын ашу көзделуде.

Облыс әкімінің тапсырмасымен биылғы жылы «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асыру, ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында шаруашылықтардың мүмкіншіліктерін пайдалану тәжірибесін енгізу жоспарлануда.

Сырдария ауданы Бесарық ауылында «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен шағын өндіріс орталық (Бизнес-инкубатор) жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында жалпы құны 318,2 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылған болатын.

Осы серіктестігінің тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында облыстың барлық ауданында 74 жобаны іске асыру арқылы 15 шағын өндірістік орталықтарын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Читать далее

🎬 ЖӘРМЕҢКЕДЕ КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛУДА Дәл қазір «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіп...

ЖӘРМЕҢКЕДЕ КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛУДА

Дәл қазір «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кезекті жәрмеңкесі Құлагер мен Тағызым алаңында өтуде. Ұзын-сонар кезекке тұрып, арзан өнімдерді сатып алып жатқан халықтың қарасы қалың. Азаңғы сағат 11:00-ден басталған жәрмеңкеден тұрғындар мүмкіндіктен қалыс қалмай, азық-түлік өнімдерін арзан бағада сатып алуда.

Жәрмеңкеде жалпы 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар төмен бағада ұсынылды. Атап айтқанда, картоп – 177 теңгеден, сәбіз - 132 теңгеден, пияз – 115 теңгеден, күріш – 360 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, аз тұзы – 48 теңгеге қолжетімді болса, І сұрыпты бидай ұны – 140 теңге, қарақұмық жармасы - 230 теңгеден, рожки - 275 теңгеден, күнбағыс майы – 590 теңгеден саудаланды.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорының тауарлары «Сыбаға» базарына да шығарылуда, ал көшпелі жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады.

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Video is too big

Читать далее

🖼 📢ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ! 🛒Ертең, яғни 25 қаңтар күні Құлагер (Әлеуметтік дүкенн...

📢ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

🛒Ертең, яғни 25 қаңтар күні Құлагер (Әлеуметтік дүкеннің жанында) және Тағызым алаңында (Вечный огонь) «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді.

📦Ауа-райының салқын болуына байланысты жәрмеңке сағат 11:00-ден басталады. Онда өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта еліміде бағасы күрт өсіп кеткен картоп өнімі нарықтан ең арзан бағада 177 теңгеден сатылатын болады.

💰Ертеңгі жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік тауарларының бағасын төмендегі кестеден көре аласыздар⬇️

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Читать далее

🎬 Бүгін Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Серік...

Бүгін Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Серікбай Qyzylorda TV телеарнасының “Қайырлы күн, Қызылорда” бағдарламасында қонақта болып, тікелей эфирде қор жұмысы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға тұрақтылығы және қауіпсіздігі турасында сұқбат берді.

Сонымен қатар сұқбатта қазіргі таңда өзекті тақырып болып отырған картоп бағасының қымбаттауы жайы да сөз етілді. Бұл тұрғыда Мейрамбек Кеңесұлы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында корпорацияның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Тікелей эфирдегі сұқбатты “Qyzylorda TV” телеарнасының ресми сайтынан тамашалай аласыздар!

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Читать далее

🎬 ЖӘРМЕҢКЕДЕ ЖӘНЕ «СЫБАҒА» БАЗАРЫНДА КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛУДА

ЖӘРМЕҢКЕДЕ ЖӘНЕ «СЫБАҒА» БАЗАРЫНДА КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛУДА

Читать далее