Жалпы мәліметтер

«Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ 2011 жылғы 11 қаңтарда құрылды. «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қаулысымен «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынан қайта аталды.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ - өңірлік даму институты болып табылады және оның жалғыз акционері Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ қызметі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Қызылорда өңірінің дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Бүгінгі таңда корпорацияның қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, жаңа өндірістер құруға және қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның миссиясы мен пайымы

Миссиясы - мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Пайымы - өңірдің өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын активтерді тиімді басқаратын өңірлік даму институты.

Тапсырмалар:

  1. Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) жаңа және қолданыстағы бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және жаңғырту.
  2. Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.
  3. Озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу.
  4. Активтер құнының өсуі.
  5. Бастауыш бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар).
  6. Басым салалардағы кластерлерді дамыту арқылы өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау, сондай-ақ өңірлердің жүйе құраушы және ірі компаниялары төңірегінде ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды үйлестіру.
  7. Компания қызметі шеңберінде бизнесті қаржылық емес қолдау көрсету.
  8. Бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.
  9. Портфельдік компаниялар арасында коммуникациялар мен дағдылар алмасуды дамыту.
  10. Ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді неғұрлым белсенді жылжыту үшін өнімді брендтеуге жәрдемдесу.
  11. Перспективалы жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту.
  12. Инвесторларға үлестік қаржыландыру, активтермен қатысу, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру алу арқылы жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету.
  13. Өңірлердің негізгі мамандануын ескере отырып, Өңірлік даму карталарын әзірлеу және инвесторларды тарту үшін перспективалы және бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін қалыптастыру.