Бердибаев Ерлан Кулахметович, 1963 жылы туылған, Алматы халық шаруашылығы институты, Қазақ гуманитарлық заң университетін тамамдаған, мамандығы заңгер, экономист.
Бердибаев Е.К. 1984-1987 жылдары Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің уақытша мемлекеттік кірістер инспекторы, Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, 1987-1989 жылдары Жаңақорған ауданы, Кеңес аулындағы №239 орта мектебінің мұғалімі, 1989-1996 жылдары «Талап» кеңшарының экономисті, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің аға инспекторы, Жаңақорған аудан әкімінің аппараты, аудан әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бас экономисті, аудан әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Әрі қарай Бердибаев Е.К. 1996-1998 жылдары-Қаржы валюта бақылау комитеті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің аға бақылаушы-тексерушісі, ҚР ҚМ жанындағы қаржы-валюта бақылау комитетінің Қызылорда облысындағы бақармасы, валюта-бақылау бөлімінің бақылаушы-тексерушісі, Қаржы бақылау комитетінің Қызылорда облысындағы бақармасы, валюталық операциялар және мемлекеттік банктердің қызметін бақылау бөлімінің бақылаушы-тексерушісі, Қаржы бақылау комитетінің Қызылорда облысындағы басқармасы, мемлекет кепілдік берген сыртқы заемдарды бақылау бөлімінің бақылаушы-тексерушісі лауазымын атқарды. 1998-2009 жылдары салық полициясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында қызмет атқарды. 2010-2020 жылдары «Болашақ-Шиелі» оқу орталығы ЖШС-нің директоры, АҚ «Волковгеология» филиалы, өндірістік оқыту аймағының бастығы, Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы, Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2020-2025 жылдары Бердибаев Е.К. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Кызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.